Қылмыстық топ

Қылмыстық топ - список последних новостей на единственном евразийском портале в Казахстане. Читайте новую информацию про 【Қылмыстық топ】 на Arbat media
12 апреля 2023 г. / Новости Казахстана

Ұлттық қауіпсіздік комитеті: қара нарықта атыс қаруын сатқан 23 адам ұсталды

29 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп екі ведомствоның арнайы мақсаттағы бөлімшелерін тарта отырып, ірі ауқымда заңсыз қару айналымымен айналысқан қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Хабарламаға сәйкес қылмыстық схемаға қатысы бар деген күдікпен 23 адам ұсталды. 32 автомат, 88 тапанша, 37 мылтық (барлығы 157 бірлік қару), 9 граната және әртүрлі калибрлі 27390 оқ-дәрі алынды.

11 апреля 2023 г. / Новости Казахстана

Таразда қылмыстық топтың жетекшісі "қоғамдық қор" құрып, кәсіпкерлерден ақша бопсалаған

Таразда тұрақты негізде әрекет еткен қылмыстық топ ұсталды. Оның жетекшісі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсетіп, жастарды тәрбиелеу жөніндегі патриоттық қозғалыстың атын жамылып “қайырымдылық қоғамдық қорын” құрған. Ол өзінің қылмыстық беделін “әділеттілікті жақтаушы” – блогер имиджіне түбегейлі өзгертіп, қорына ерікті жарналар түрінде қылмыстық “қамқорлығы” үшін кәсіпкерлерден ақша бопсалап отырған. Келіспегендерге күш қолданған.