Placeholder
Новости Казахстана24 мая 2023, 15:49

Жезқазғанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған төрт тұрғын ұсталды

Жезқазған, Алматы және Астана қалаларының төрт тұрғыны «MetaGo» жобасы бойынша криптовалютаға инвестиция тарту желеуімен Жезқазған қаласының аумағында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржылық мониторинг агенттігі олардың 600-ден астам адам және 124 миллион теңгеден астам қаражат тартқанын анықтады. 

Аталған тұлғаларды прокуратураның үйлестіруімен ҚМА Ұлытау облысы бойынша департаментінің қызметкерлері агенттіктің талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесу арқылы анықтады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабының тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді ҚМА-нің баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Оралда қаржы пирамидасын құрып, тұрғындардың 120 миллион теңге шығынға ұшыратқан күдіктілер ұсталған еді. Еліміздің қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бұл ретте Антикор азаматтарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ұсынып отыр. 

Қаржы пирамидасы Қоғам Жезқазған

Новости по теме