Placeholder
Новости Казахстана10 февраля 2023, 2:49

Жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар жүзден астам киіз үй жібереді

Түркияда жер сілкінісінен зардап шеккендерге қазақстандықтар 120 киіз үй жіберетін болды, деп хабарлайды Arbat.media
 
Бұл туралы жер сілкінісінен зардап шеккен түріктерге киіз жіберу бастамасын көтерген Нұрбек Бекбау мәлімдеді. Оның сөзінше, елден жиырма миллион теңгеден астам қаржы жиналған. 
Дәл қазірге 20 миллион теңгеден асатын ақша жиналды. Міне, 45 киіз үйді сатып алуға ақшасын аудардық. Бұған 17 млн 300 мың теңге кетті. Енді 2 ммллион 700 мыңға тағы да 10 киіз үй аламыз. Кәсіпкерлер 50-ге жетердей киіз үй сатып алып, әуежай қоймасына қойды. Яғни бізден 50-ден астам және жеке кәсіпкерлерден 50, жалпы 100-ден астам киіз үй Түркияға жіберіледі, - деп жазды бастамашыл топтың жетекшісі Нұрбек Бекбау. 
Сондай-ақ, ол елден зардап шеккендерге ақша жинау тоқтағанын атады. Кейін бастама иесі әуежайға 45 киіз үйді жеткізгенін мәлімдеді. 
Қазір ғана 45 киіз үйді әуежайға алып келдік. Бізге әуежай түбінен киіз үйлерін әкеп қосып жатқан жұртшылық бар. Одан қалды, кәсіпкер ағаларымыздың өз күштерімен сатып алған киіз үй саны 30-дан асып қапты. Қоймада қазір. Түркияға кемі 100-ден астам бозүй жөнелтілгелі тұр. Жасауымен жиылған боз үйлеріміз ертең ауыр ұшаққа тиеліп, зілзаладан қираған шаһарларға жеткізіледі. Түрік басшылығы ақшаңқан киіз үйлерден кент жасап, аман қалған жұрт 2-3 ай сонда паналайды деп жоспарларын айтып отыр.
Апаттан кейінгі жағдай түзелген соң Қазақстаннан жіберілген киіз үйлер сол жаққа естелік ретінде қалдырылмақ. Бұған дейін апаттан зардап шеккендерге 100 киіз үй жіберу туралы бастама көтеріліп, көпшілік сол үшін ақша жинауды бастаған болатын, Енді науқан аяқталып, тиісті ағаш үйлер түрік жеріндегі апат аймағына апарылатын болады. 
6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында жер сілкінісі болып, одан он мыңнан астам адам қайтыс болды. Сонымен бірге олардың саны күн сайын артып жатыр. Жаралағандар саны марқұм болғандардан көп екені ресми айтылды. 
түркия Киіз үй Апат Көмек

Новости по теме