Placeholder
Новости Казахстана29 мая 2023, 22:15

"Жер сатылмайды". СІМ ресми өкілі Қытай сайттарындағы хабарландыруға қатысты жауап берді

Қытай сайттарындағы Қазақстандағы жерлердің сатылуына қатысты Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, "Қазақстанда жер сатылады" деген жарнама арандатушы әрекет болуы мүмкін көрінеді. 

Иә, бұл жарнаманы біз де көрдік. Қытай тарапына, Бейжіңдегі Елшіміз сол елдің Сыртқы істер министрлігіне жедел жеткізді. Біз де Қытай Елшілігіне хабарладық. Бұл хабарлама біздің «ОLХ» сияқты сайтында жарияланған екен. Модерациядан қалай өткенін білмедім. Соны қазір қытай тарапы тексеріп, болашақта мұндай жайтты болдырмауға келісім берді, - деді Айбек Смадияров апталық брифинг барысында.

Сонымен қатар, ресми өкіл бұл ақпараттың жалған екенін ресми түрле мәлімдеді. Ол министрлік өкілдері аталған хабарландыру бойынша хабарласып көргенін, алайда телефонға ешкімнің жауап бермегенін атады. Сондай-ақ, көрсетілген нөмірлердің барлығы сөндірулі екен. 

 

СІМ Қытай Жер сату

Новости по теме