Placeholder
Новости Казахстана15 марта 2023, 17:23

Жапонияда сакура ағаштары жылдағыдан ерте гүлдеді

Жапонияда сакура ағаштарының гүлдеу маусымы биыл уақытынан бұрын басталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Соңғы жетпіс жылда елде аталған ағаш түрі мерзімінен ерте гүлдемеген болатын. Бұл туралы жапонның  Kyodo ақпарат агенттігі жазды. 

Жапонияның метеорология агенттігі ел астанаасында кеше түстен кейін алғашқы сакура гүл ашқаны туралы хабар таратты. Ағаштардың гүлдеу маусымы биыл 10 күн ерте басталған. 

Сонымен бірге, сакура ағаштарының гүлдеуі елдің өзге қалаларымен салыстырғанда Токиода мерзімінен бұрын басталғаны айтылды. Әдетте ағаштар ауа райының жылылығына байланысты ерте гүлдейді. 

Жылдағы дәстүр бойынша сакураның гүлдеген шағында Токиодағы Уэно паркі тәрізді саябаққа келушілерге карантиндік шектеулерге байланысты үш жыл бойы мүмкіндік болмаған еді. Биыл бірінші рет саябақта тамақтанып, демалуға мүмкіндік туып отыр. 

Бұл ретте ел билігі  азаматтарына вирустың қайта оралу қаупінің әлі мүмкін екенігін ескерте отырып, мұндай жиындардан бас тартуды ұсынып отыр. 




Новости по теме