Жанар Айжанова Меккеде кимешекпен арабтарды таңқалдырып келді
24 января 2023, 14:24/ Важное в Казахстане

Жанар Айжанова Меккеде кимешекпен арабтарды таңқалдырып келді

Қазақ эстрадасының өкілі Жанар Айжанова Меккеде қажылық парызын кимешекпен өтегені сәттегі суретін жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылы Сауд Арабиясына барған әнші Қазақстаннан ұлттық киімді ала баруды ұмытпапты. Өзгелер секілді хиджап кимей, қазақтың ұлттық кимешегін киген әнші өзгелердің назарын еріксіз аударған.

Осы қазақтың жадағай шапаны мен кимешегін киіп алып, арабтарды таң қалдырдым десем сенесіздер ме? Таң қалғаны былай тұрсын, сізбен суретке түсейік деп едік, не деген әдемі киім деп сол жақта хит болдым. Мойнын бұрып қарамаған адам қалмаған шығар. Айтайын дегенім қазақ қашан да киімді талғаммен, исламға да қайшы келмейтіндей қылып киген. Өзіміз ғой қадірін кетіріп жүрген. Қолымдағы күміс білезік, сақиналар да назардан тыс қалған жоқ. Бабаларымыз қандай дана болған десейші. бұл былтырғы суреттер, қазір үйдемін, деп жазды әнші.

Белгілінің әншінің бұл жазбасына оқырмандары жылы лебіз білдіріп, ұлттық киімді шетелде ұлықтағанына ризалық білдірген.

Соңғы уақытта өнер адамдары арасында жаппай дінге бет бұрушылардың қатары көбейген. Олардың дені оранып, хиджап кигені қоғамда жиі талқыланады. Тіпті, олардың бұл әрекетін сынаушылар қатары аз емес. Бұл ретте Меккеде кимешекпен бірге ұлттық киім жүрген Айжанованың әрекеті көпшіліктің сүйіспеншілігін тудырып отыр.

Жанар Айжанова Өнер Мекке Кимешек

Новости партнеров

Другие статьи по теме