Placeholder
Новости Казахстана30 мая 2023, 14:21

Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші кезеңіне өтті

Әлемнің 58-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингте 89-орында тұрған, Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген   Марина Заневскаямен шеберлік байқасты.

Теннисшілер матчты брейк алмасумен бастады. Дегенмен, М.Заневская бұдан кейін қатарынан үш геймді алып, есепті 4:1 жеткізді. Юлия да қалыспай, есеп 3:5 болғанда, қарсыласының сетті алуына мүмкіндік берген жоқ – 7:5. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте қазақстандық теннисші өз геймін пайдалана алмады. Әйтсе де, тай-брейкте әбжілдік танытты – 7:6 (7:3).

Енді Юлия Путинцева екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнайды. 

Юлия Путинцева Ролан Гаррос Теннис

Новости по теме