Placeholder
Новости Казахстана19 апреля 2023, 20:03

Түркістан облысында киберқылмысқа қатысы бар 31 күдікті ұсталды

Түркістан облысында киберқылмысқа қарсы күрес қызметкерлері 31 алаяқты ұстады, деп хабарлайды Arbat.media

Polisia.kz-тің жазуынша, ҚР ІІМ “CyberPol” пилоттық жобасын іске қосып, бұл жоба цифрлық технологиялар арқылы жасалатын заңсыздықпен күресу, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, ел тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасында киберқылмыс пен интернет-алаяқтықтың алдын алып, анықтауда 6 жедел уәкіл, 3 тергеушіден құрылған “Киберқылмысқа қарсы күрес” тұрақты тобы қарқынды жұмыс жүргізіп жатыр. Арнайы құрылған топ интернет-алаяқтық қылмысымен айналысқан жалпы 31 тұрғынды ұстап, олардың 56 дерек интернет-алаяқтық қылмысына қатысы барын дәлелдеген. Бұл қылмыстық істер бойынша жинақталған іс құжаттар сотқа жолданды, - деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

Мәселен, бұл топтың жедел уәкілдері облыстың бірнеше тұрғынын алдап, олардың атынан онлайн несие алған жас жігітті ұстады. Нақтырақ айтсақ, Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол көлігіне жолаушы болып отырған жас жігіт әңгімеге тартып, сеніміне кіріп, телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасын пайдаланып, оның атына 1,6 млн теңге несие рәсімдеп алғанын жеткізді. Ақпарат алысымен арнайы құрылған топ қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтауда жан-жақты жұмыс жасады. Нәтижесінде күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғыны жұмыссыз жігітті анықтады.

6 бірдей жүргізушіні алдап, оларға жалпы 6 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген азамат белгілі болды. Несиеге мақұлдау алған алаяқ, танысы ақша салып жібергенін айтып, жүргізушінің телефоны арқылы арнайы терминалдардан қаражатты шешіп алып отырған. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты материалдар айыптау актісімен сотқа жолданған.

 
 

Киберқылмыс Түркістан облысы полиция Күдікті

Новости по теме