Placeholder
Новости Казахстана22 мая 2023, 15:56

Тоқаев ресми сапармен келген Сингапур президентін күтіп алды

"Ақорда" резиденциясында Сингапур Республикасының Президенті Халима Якобты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді, сондай-ақ Қазақстан мен Сингапурдың әнұрандары орындалды.

Кездесу аясында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөз жүргізбек.

Сондай-ақ, екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады деп күтілуде. 

Халима Якоб Астана Сингапур

Новости по теме