Placeholder
Новости Казахстана19 марта 2023, 16:15

Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында өз таңдауын жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы  Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауында мемлекет басшысы Астандағы оқушылар сарайына барып өз таңдауын жасады. 

Бүгін еліміз бойынша тұрғындар сайлау науқанына қатысып, дауыс беріп жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10.10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21 % бюллетеньдер алған. 



Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау Дауыс беру Қоғам

Новости по теме