Placeholder
Новости Казахстана29 мая 2023, 21:45

Тоқаев Лукашенконың ұсынысынан кейін мәлімдеме жасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Белорусь президент Александр Лукашенконың ұсынысына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Жақында Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекетке кіруді ұсынды. Мен оның әзіліне лайықты баға бердім. Бұған ешбір қажеттілік жоқ. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге бұл қару қажет емес. Себебі біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарт пен Ядролық қаруды сынауға тыйым салу туралы шартқа қосылдық. Біз осы халықаралық құжаттар аясындағы міндеттемелерге адал болып қала береміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Белорусь президенті А.Лукашенко ұсыныс білдіріп, Қазақстанды одаққа қосылуға шақырған болатын. 

 

Новости по теме