Placeholder
Новости Казахстана29 мая 2023, 13:23

Тоқаев Ердоғанды жеңісімен құттықтады

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, - деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

Түркияда өткен президент сайлауының екінші турында елдің қазіргі президенті Реджеп Тайып Ердоған 52 пайыздан астам сайлаушылардың дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын. Елдің Конституциясына сәйкес енді Ердоған тағы 5 жыл бойы Түркияны басқарады. 

 

Реджептайып Ердоған Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау

Новости по теме