Placeholder
Новости Казахстана13 мая 2023, 2:15

Ташкенттегі әлем чемпионатында ұлттық құраманың 5 боксшысы финалға шықты

Өзбекстанда бокстан әуесқойлар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 5 боксшы финалда сынға түседі, деп хабарлайды Arbat.media.

Әлем біріншілігіне толық құрамда басқан қазақстандық боксшылардан тек жартылай финалға 5 боксшы ғана өте алды. Бүгін сынға түскен олардың барлығы финалға сүрінбей жетті. Олардың қатарында 48 келіде Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан (54 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Асланбек Шымбергенов (71 кг) және 80 келіде Нұрбек Оралбай сынды боксшы бар.

Финалдық кездесудер 13 және 14 мамыр күндері өтеді. Қазақстан боксшыларының финалдағы қарсыластары: 

48 келі
Санжар Тәшкенбай (Қазқстан) - Сахил Аллахвердови (Грузия)

54 келі
Махмуд Сабырхан (Қазақстан) - Ойбек Жураев (Өзбекстан)

67 келі
Дулат Бекбауов (Қазақстан) - Асадхужа Муйдинхужаев (Өзбекстан)

71 келі
Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Саиджамшид Жафаров (Өзбекстан)

80 келі
Нұрбек Оралбай (Қазақстан) - Таңатхан Тоқтарбек (Қытай). 

80 келіде сынға түсетін Қытай боксшысының этникалық қазақ екенін де айта кеткен жөн. Бұл жекпе-жек әлем чемпионатының финалында қазақ боксшыларының алғаш рет кездесуі ретінде тарихында қалмақ. 

2013 жылы Қазақстан құрамасының 6 боксшысы  әлем біріншілігінде финалға шыққан болатын. Ташкенттегі сын араға он жыл салып, ең көп боксшы финалға шыққан чемпионат болып отыр.

 

Әлем чемпионаты бокс спорт

Новости по теме