Placeholder
Новости Казахстана3 марта 2023, 14:56

Таразда қалалық сот төрағасы сотталды

Жамбыл облысында жемқорлық қылмысқа барғаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Антикор сот төрағасының қылмысы дәлелденгенін мәлімдеді. 

Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алған, - деп жазылған Антикор ақпаратында. 

 

сот Тараз Қылмыс Антикор

Новости по теме