Placeholder
Новости Казахстана8 декабря 2022, 17:07

Талғарда қыз зорлады деген күдікті қамауда қайтыс болды

️Алматы облысында қыз зорламақ болды деген күдікпен уақытша ұстау изоляторында отырған 19 жастағы күдікті қайтыс болды, деп хабарлайды  arbat.media 

Белгілі болған ақпаратқа сәйкес ол өз-өзіне қол салған. Желтоқсан айының 3 күні Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікке ілінген жігітті кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін қамауға алды.

Кейін оның уақытша ұстау изоляторындағы жеке камерада асылып қалғаны белгілі болды. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталып, "өзін өзі өлтіруге дейін апару" бабы бойынша іс қозғалып жатыр. 

Бұған дейін Атырауда ер адам 13 жастағы қызды көлікте зорламақ болған жерінде қолға түскен еді. Анасы қызын сабаққа апара жатып, жолда дүкенге кірген кезінде ашық тұрған көлікті белгісіз біреу ұрлап әкеткен. Сол уақытта көлік ішінде кәмелет жасына толмаған қыз бала ұйықтап жатқан.  

Күдікті Қылмыс өлім ИВС

Новости по теме