Талдықорғанда мысықты тепкен ер адамды полиция ұстады
25 января 2023, 23:09/ Важное в Казахстане

Талдықорғанда мысықты тепкен ер адамды полиция ұстады

Талдықорғанда далада мысыққа қатыгездік танытқан ер кісінің әрекеті қоғам талқысына түскен болатын. Озбырлық әрекеттің бейнежазбасы әлеуметтік желіде жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған бейнежазбада дүкеннен шыққан екі ер адамның бірі мысықты талға бар күшімен лақтырғаны анық көрінді. Ол бұл әрекетімен ғана шектелмей, артынша қайтып келіп мысықты тепкен. Бұл жағдай дүкеннің бейнебақылау камерасына жазылып қалды.   

Осыдан кейін қатыгездікке барған ер адамның әрекеті қоғам наразылығын тудырып, оны көпшілік заң аясында жазасыз қалдырмауды сұраған.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметі бойынша, мұндай азғындыққа барған адам 39 жастағы Талдықорған тұрғыны болып шықты.  

Қазір ұсталған ер адамға полиция ҚР қылмыстық кодекстің 316-бабына сәйкес, жануарларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілікке тартуды көздеп отыр. Қазіргі уақытта оған сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр.   

Талдықорған Мысық полиция Озбырлық

Новости партнеров

Другие статьи по теме