Шымкенттегі орта мектепке баскетбол добы 232 мың теңгеге сатып алынбақ болды
Новости Казахстана25 мая 2023, 16:45

Шымкенттегі орта мектепке баскетбол добы 232 мың теңгеге сатып алынбақ болды

Шымкент қаласында білім беру мекемесі баскетбол добын 232 000 теңгеге сатып алмақ болды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Аталған жағдай туралы Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин мәлімдеді.

Оның сөзінше, қаладағы №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды көздеген. 

Қалалық білім басқармасының «№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 млн бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 млн теңгеден астам қаржы үнемделді, - деді Д.Ерғарин.

Другие статьи по теме