Placeholder
Новости Казахстана24 марта 2023, 22:31

Шымкентте бес жастағы қыз жоғары қабаттан құлап кетті

Шымкентте көпқабатты үйдің төртінші қабатынан кішкентай қыз құлады, деп хабарлайды Arbat.media 

Оқыс жағдай 23 наурыз күні қаладағы 16 шағынауданда болған. Көпқабатты үйдің төртінші қабатынан 2018 жылы туған кішкентай қыз бала қараусыз күйде жүріп құлағаны айтылды. Оқиғадан кейін оны бірден аурухана жеткізген. 

Қазіргі уақытта оның жағдайы өте ауыр. 

Шымкент қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауда Ал аурухана жеткізілген соң қыз балаға бірден ота жасалып, қазіргі жансақтау бөлімінде жатыр.  

Шымкент Көпқабатты үй Құлау полиция

Новости по теме