Placeholder
Новости Казахстана14 декабря 2022, 17:10

Смайылов жұмыс істемейтін министрлердің қызметтен кететінін айтты

Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов Үкімен мүшелеріне алдағы міндеттер туралы ескертіп, сенімсіз министрлерге қызметтен кетуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды arbat.media.

Әлихан Смайылов министрлер кабинетінен тиімді жұмысты талап етумен қатар, батыл шешімдер мен жауапкерішілікті күтетінін алға тартты. Қазіргі уақытта көптеген өзгерістер енгізудің маңыздылығын атаған Смайылов  министрлердің әлеуетті болуы керектігін атады. 

Талап өте жоғары болып отыр. Ал қолымнан келмейді, шешім қабылдай алмаймын десеңіздер қазірден бастап орындарыңызды босатыңыздар! Халыққа шын жаны ашитын, мойнына жауапкершілік алып, батыл шешім қабылдайтын адамдармен ғана жұмысты жалғастырамыз", - деді премьерм-министр.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта республикалық штаб құрылғанын айта келе, сайлауалды бағдарламаның жүйелі жүзеге асуы тікелей қатаң бақылауда болатынын мысалға келтірлі. Сондықтан әрбір министр Президент тапсырмасын орындаудың басқа тәсілін қазірден ойластыруды тапсырды. 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдегі жағдай туралы айтқан болатын. Ол азаматтардың барлық деңгейдегі Үкімет пен әкімдердің жұмысына наразы екенін атап өткен еді. 

Әлихан Смайылов Үкімет отставка Министрлер

Новости по теме