Placeholder
Новости Казахстана26 февраля 2023, 19:16

Серік Сәпиев ойыннан кейін қарсыласын ұрып жіберді

Серік Сәпиев Алматыда Batyrball турнирінде ойыннан кейін қарласын ұрып жіберді, деп хабарлайды Arbat.media.

NAIZA 49 ұйымдастырған Batyrball ойынында (күрес, баскетбол, регби, ММА әдістері топтастырылған ойын) Серік Сәпиевті қарсы команданың ойыншысы күрес әдісімен лақтырып жіберген. Алайда ойын соңынан қол алысып жатқан сәтте ол қарсыласын ұрып жіберген. Алайда төбелес туындаған сәтте оларды өзгелер ажыратып алды. 


Кейін жанжалдың соңы киіну бөлмесінде жалғасқан. "Маған "бұлай істеме" деп айтасың. Мен де қызу қандымын", деді Серік Сәпиев. Алайда күрес әдісімен лақтырған Зелимхан Мусихановтың бапкері  Серік Сәпиевті жазғырған. 

Мен оның жеке бапкерімін. Сен осы ойындағы әдістерге келісім беріп, қол қойдың. Олимпиада чемпионы бола тұра, жас балаға қол жұмсайсың! Сен үшін бұл ұят емес пе? Қандай үлгі көрсетесің? - деді оның бапкері. 

Кейін киінетін бөлмеде Серік Сәпиевпен сөзге келіп қалған бапкер әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады. Ол спортшының еліміздің мақтанышы екенін айта келе, туындаған кикілжіңдердің ойын барысындағы эмоциялы сәттер екенін атаған 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Wrestling_team.kz 🇰🇿 (@wrestling_team.kazakhstan)

 

 

 

Серік Сәпиев Алматы Төбелес ММА

Новости по теме