Placeholder
Новости Казахстана28 апреля 2023, 5:03

Серік Күдебаевты қамауға алған сәттегі суреті жарияланды

Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталған сәттегі суреті  жарияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

 

Кеше еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов Күдебаевтың Түркияда ұсталғанын атаған болатын. 

үдікке ілінген Алматы облыстық полиция департаментінің басшысы болған Серік Күдебаевтың наурыз айында Қырғызстан арқылы Түркияға кеткені белгілі болған еді. Оны іздеу бойынша шекара бекеттерінде тексеру жұмыстары жүргізілген.  

Ол 2022 жылдың қаңтарында болған оқиғалар кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны және азаптау үшін айыпталды. Сот талқылауы кезінде С.М. Күдебаев өзіне қатысты қолданылған бұлтартпау шарасын бұзып, соттан жалтарып кеткен, сол себепті қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасымен мемлекетаралық іздеуге жарияланды, - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Серік Күдебаев Қамау полиция

Новости по теме