Placeholder
aqorda
Новости Казахстана27 марта 2023, 15:53

Шавкат Рахмонов мемлекет басшының қабылдауында болды

Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Президент белгілі спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Бұған дейін Шавкат Рахманов Лас-Вегаста UFC турнирінде сынға түскен еді. Кейін спортшы келесі айқасы елімізде өтуі мүмкін екені туралы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов UFC Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда

Новости по теме