"Шаңыма да ілеспеді". Арман Шораев өзіне дауыс берушілер көп болғанын мәлімдеді
Новости Казахстана20 марта 2023, 13:34

 "Шаңыма да ілеспеді". Арман Шораев өзіне дауыс берушілер көп болғанын мәлімдеді

Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер болған Арман Шораев өзінің сайлау округі бойынша негізгі қарсыласынан басым дауыс жинағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжіліс депутаттығына үміткер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бейнежазба жариялады. Сайлауда Арман Шораев белгілі блогер Дәулет Мұқаевпен бір округтен қатысқан болатын.

Құрметті ағайын! Бір мысалды айта кетейін. "Астана Опера" театрындағы сайлау учаскесінде маған 103 адам дауыс берген. Менің қарласымның бірі Дәулет Мұқаев 37  дауыс жинаған. Қолда бар хаттамадағы деректерге сүйенсек барлығында да мен 2-3 есе басымдықпен жеңіп тұрмын, - деді Арман Шораев. 

Әзірге ҚР Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат сайлауының қорытындысы туралы ОСК ресми ақпаратты жариялаған жоқ. Телемарафон барысындағы Exit poll нәтижесі бойынша алты партияның тиісті межеге жететін дауыс жинағаны айтылды

Арман Шораев Дәулет Мұқаев сайлау Қоғам

Другие статьи по теме