Placeholder
Новости Казахстана6 февраля 2023, 17:10

Риддерде жылу электр орталығында жаңа қондырғыдан ақау табылды

Шығыс Қазақстан облысынғы Риддер қаласының жылу электр орталығындағы жаңа қондырғыдан ақау байқалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Демалыс күні қала тұрғындарының үйі күрт суығаны туралы шағымдар түсе бастаған. Осыдан кейін Риддердегі жылу электр орталығында орнатылған жаңа қондырғының істен шыққаны белгілі болды. 

Жаңа қондырғы таяуда өрт шыққаннан кейін қайта қалпына келтірілген көмір трактына орнатылған. 

5 ақпанда 2 конвейер таспасын көтеретін барабан қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлерін толтыру басталды. Жөндеу жұмыстары кезінде температуралық режимді қалпына келтіру үшін №1 қазандық қондырғысы қосымша қыздырылды, - деді қала әкімі Дмитрий Горьковой.

Қаңтар айының 19 күні Риддердегі жылу электр орталығынан төтенше оқиға орын алған болатын. Тілсіз жау бірнеше сағатта ауыздықталып, кейін жылу электр орталығының басшылығына қатысты тергеу жұмыстары басталған болатын. Осы оқиғадан кейін ШҚО әкімі қала тұрғындарынан кешірім сұраған еді.  

Риддер Жылу маусымы Қыс ШҚО

Новости по теме