Placeholder
Фото: Polisia.kz
Новости Казахстана20 февраля 2023, 4:21

Қызылорда облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Қызылорда облысында екі көлік соғылған жол апатынан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media

Қайғылы оқиға 19 ақпан Самара-Шымкент автомобиль жолында болған. ІІМ хабарлауынша, жол апаты 1767 -1768 шақырымында тіркеген.

Облыстың Сырдария ауданы аумағында "Mercedes" және "Opel" автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан төрт адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жатыр. Қазіргі уақытта толық деректер анықталып жатыр. Аталған дерек СДТБТ-не ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, деп жазды ІІМ баспасөз қызметі. 

Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында болған жол апатына үш адам қайтыс болған еді. 13 ақпанда Топқайын және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-2108 және Lada Granta автомобильдері соқтығысып, нәтижесінде 87 жастағы қарт жолаушы оқиға орнында мерт болды.

Жол апаты Қызылорда облысы Қоғам полиция

Новости по теме