Placeholder
Фото: arbat.media
Новости Казахстана14 февраля 2023, 17:02

Құлекеев Нығматулиннің биліктен не үшін кетуінің себебін атады

Қаңтар оқиғасынан кейін Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің неліктен қызметінен кеткенін Жақсыбек Құлекеев өз кітабында айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

"Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес" кітабында автор биліктегі бірқатар тұлғаларға тоқталып өткен. Солардың бірі ірі фигура саналған Нұрлан Нығматулин. Оның қайғылы оқиғадан кейін арада үш апта өткенде қызметінен кетуі себебін Жақсыбек  Құлекеев басқаша түсіндірген. 

1 ақпанда еліміздегі ең ықпалды саясаткерлердің бірі Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы қызметінен кетіп, оның орнына бұған дейін Президент Әкімшілігін басқарған Ерлан Қошанов келді. Ал Ерлан Жақанұлының орынтағына Мұрат Нұртілеу жайғасты. Экс-президент Н.Назарбаевтың туыстары жоғары лауазымды қызметтерден кетіп жатқан кезде Нұрлан Зайроллаұлының орнын босатуы әркім әртүрлі түсінді. Экс-төрағаның «оқшантайдан» түсіп қалуына не әсер етті?, - деп сауалды көлденен тастайды автор. 

Нығматулиннің қызметінен қоштасуына қаңтар оқиғасы кезінде әрекеті себеп болған. Ол елімізде болған шектен шыққан әрекет кезінде еш пікір білдірмеген. Тек оқиғадан кейін билік толығымен Қасым-Жомарт Тоқаевтың қол астына өткенде ғана ойын қысқаша жеткізді. 

Нұрлан Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысын жүргізіп отыр, 2013 жыл, ақпан.

Қаңтар дүрбелеңі басталғанда Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір емес, бірнеше рет халықты сабырға шақырып, мәлімдеме жасағаны есте қалды. Ал сол кездегі Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулиннің дауысы естілмеді. Тек Қасым-Жомарт Тоқаев билікті толықтай қолына алған кезде, яғни, 10 қаңтар күні ол "еліміз үшін күрделі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық шешімдері мен батыл қадамдары бірегей және уақытылы" дегенді айтты, - деп жазады Жақсыбек Құлекеев. 

Қаңтар оқиғасында және одан кейін көптеген саяси қызметтегі тұлғалар "жылы орнымен" қош айтысқаны белгілі. Олардың арасында Үкіметтің бұрынғы басшысы Асқар Мәмин, Алматы қаласының сол кездегі әкімі Бақытжан Сағынтаев, ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов, Қорғаныс министрі болған Мұрат Бектановтың есімі аталды Бұлардың соңғы екеуі бірден қамауға алынды. 

Нұрлан Нығматулин Үкімет мүшелерімен бірге шетелдік мұнай өндіруші компанияның 20 жылдық мерейтойында, 2013 жыл 

Оқи отырыңыздар:

Ал Нығматулин 1 ақпанда қызметімен кетуімен қатар, сол жолы жиында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ерекше алғыс айтқан болатын. Arbat.media бұған дейін қаңтар оқиғасына қатысты бірнеше материал жариялады. Сол уақыттары Алматыда болған экс-президенттің отбасы бірден қашқанын Жақсыбек Құлекеев өз кітабында жазды

 

 

Жақсыбек Құлекеев Нұрлан Нығматулин Билік Қаңтар оқиғасы

Новости по теме