Placeholder
Новости Казахстана17 мая 2023, 18:34

Қостанайда бойжеткен қыз өзенге секіріп өлмек болды

Қостанайлық полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алып, адам өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, өңірдегі Лисаков қаласының “102” пультіне Әйет өзенінің жартасында қыздың суға құлап кетуі мүмкін екендігі туралы құлағдар етіп, қоңырау түскен. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері автопатруль жіберген.

Олар қызды жедел тауып, қайғылы оқиғаның алдын алды.

 Біз айтылған орынға уақытында келдік, өйткені 18 жасар қыз күйзеліс жағдайында болды. Оның биік жағалауда тұруына жас жігітпен жанжал себеп болған, – деді Сейіл Құрбанов.

Қазіргі уақытта онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Қыз баланың неліктен өзен секіріп жан тәсілім етпек болғаны белгісіз. Алдағы тергеу барысында аталған жағдай толық анықталатын болады. 

Қостанай облысы суицид өлім

Новости по теме