Placeholder
Новости Казахстана24 мая 2023, 14:19

Қазақстанның қай өңірінде фастфуд өнімдері қымбаттады?

Өткен айда еліміз бойынша фастфуд өнімдерінің қымбаттауы байқалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сәуірде Қазақстанда фастфуд қызметтерінің құны бір айда 0,4%-ға, ал жылдық мәнде 15,9%-ға қымбаттаған. Бір айда баға айтарлықтай өсіп отыр. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында - 5,7%  өсті. Бағаның өсуі бойынша үштікке Жамбыл (4%) мен Жетісу (2,2%) облыстары да кіріп отыр. 

Бір жылдық мәнде өңірлер арасында баға Батыс Қазақстан (47,2%) және Солтүстік Қазақстан (44,4%) облыстары, Шымкент қаласында (37,9%), сондай-ақ Атырау (33,8%) және Жамбыл (33,7%) облыстарында қатты қымбаттаған. Ең төменгі жылдық баға өсімі Түркістан (6,4%) және Қызылорда (6,3%) облыстарында тіркелгені айтылды. 

фастфуд Қымбатшылық Баға

Новости по теме