Placeholder
Новости Казахстана6 февраля 2023, 16:27

Қазақстанда дзюдодан "Qazaqstan barysy Grand Slam" турнирі өтетін болды

Алдағы үш жылда Қазақстан дзюдодан халықаралық Grand Slam турнирін өткізу құқығына ие болды,  деп хабарлайды Arbat.media.

Парижде аяқталған Grand Slam турнирінен кейін ҚР Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев пен Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер елімізде әлемдік турнирді өткізу туралы төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Жаңа келісімшартқа сәйкес Қазақстан 2023 жылдан 2026 жылға дейін дзюдодан ең беделді халықаралық турнирлердің бірін өткізетін басты алаңға айналмақ. Беделді әлемдік турнирлер атауы да ерекшелікке ие. белімізде өтетін аламан дода "Qazaqstan barysy Grand Slam" деп аталатын болып отыр. 

Қазақстанда өтетін ауқымды турнирде дзюдошылар 2024 жылы Парижде және 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жазғы Олимпиада Ойындарына қатысу үшін рейтингтік ұпай жинақтайды. Сонымен бірге, жарыс аяқталғаннан кейін дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу жиыны тұрақты түрде өткізіледі деп жоспарланған. 

Қазақстандық дзюдоның тарихы терең, сонымен қатар мұнда көптеген ірі турнирлер өткізіліп келді. Бұл елде Grand Slam турнирін өткізу дзюдоны дамытуға да, оны танымал етуге де жаңа серпін беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер.

Ал Дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Grand Slam турнирін өткізу құқығын алу дзюдо федерациясының орасан зор жетістігі және халықаралық турнирлерде Қазақстан туын асқақтатып, лайықты өнер көрсететін барлық спортшылардың ортақ еңбегі екенін атады.

Қазақстанның дзюдодан ірі жарыстарды өткізуде айтарлықтай тәжірибесі бар екенін түсіну маңызды – біздің елімізде Гран-при жарыстары, «Masters» турнирі, ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты, бірнеше рет Азия чемпионаты, сондай-ақ кадеттер арасындағы әлем чемпионаты тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ең бастысы-біздің дзюдошылар жоғары спорттық жетістіктерін көрсете білетін, әлемдік аренадағы үздіктердің бірі болып саналады», - деп атап өтті Қ.Есекеев.

Парижде өткен Grand Slam турнирінде қазақстандық спортшылар арасында Абиба Әбужақынова мен Данияр Шамшаев қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ, тағы бір отандасымыз Әйгерім Әбілқадырова бельгиялық қарсыласын аяғынан тістеп алған болатын. Кейін спортшы бұл әрекетінің себебін түсіндірді

Grand Slam турнирі Дзюдо Қазақстан спорт

Новости по теме