Placeholder
Новости Казахстана27 марта 2023, 14:01

Қазақстандық қос боксшы әлем чемпионатының финалында есе жіберді

Әйелдер арасында бокстан Үндістанда аяқталған әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар алтынға қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Arbat.media.

Делиде өткен әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы барлығы алты медальға ие болды. Алайда финалға шыққан Карина Ибрагимова мен Ләззат Күнгейбаева жауапты сынға жеңісті уысынан шығарып алды. 

 57 келіде  сынға түскен Карина Ибрагимова финалда италиялық Ирма Тестамен шеберлік байқасқан еді. Алайда төрешілер шешімен жеңіс Еуропа өкіліне бұйырды. Ал аса салмақтың жүгін арқалаған Ләззат Күнгейбаева марокколық Хадижа Ел-Мардиден айласын асыра алмады. 

Осылайша жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшылар барлығы 6 жүлде иеленді. Қос күмістен бөлек, әйелдер құрамасы 4 қола жүлдені қоржынға салды. Шәміл Сафиуллин баптайтын боксшылар медаль саны бойынша жалпы есепте Қытайдан кейін 2-орынға тұрақтады. 

Делиде жалауы желбіреген әлем біріншілігінде  Үндістан құрамасы 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 3 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдемен екінші орынға ие болды. Ресей құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен үшінші орынға жайғасты. Қазақтан құрамасы бұл ретте сегізінші сатыға табан тіреді. 

Бұған дейін Қазақстан боксшыларының әлем біріншілігіндегі нәтижесі туралы жазғанбыз. Аталған сынның ширек финалына ұлттық құрамадан тоғыз боксшы шыққан еді. 

Ләззат Күнгейбаева спорт бокс Әлем чемпионаты

Новости по теме