Placeholder
Новости Казахстана23 декабря 2022, 21:26

Қазақстан Өзбекстанға мұнай экспорттау көлемін арттыратын болды

2023 жылы Қазақстан Өзбекстанға 300 мың тонна мұнай экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды arbat.media.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға барған ресми сапары кезінде екіжақты мұнай тасымалын арттыру мәселесін пысықтап, келісімдерге қол қойған. 

Өзбекстанның Энергетика министрлігінің мәліметі бойынша, екі мемлекет келер жылы 300 мың тонна мөлшерінде Қазақстан мұнайы мен мұнай өнімдерін жеткізу туралы келісімге келді. Сондай-ақ, оның көлемі 150 миллион долларды құрамақ. 

Болашақта мұнайды Өзбекстанға экспорттау көлемі 3 миллион тоннаға артуы мүмкін. Бұдан бөлек қос мемлекет мұнайды Қазақстан аумағы арқылы тасымалдауға және газ қоймаларын қайта жаңғыртуға уағдаластыққа қол жеткізді. 

Өзбекстан Мұнай Экспорт Экономика

Новости по теме