Placeholder
Новости Казахстана9 декабря 2022, 16:35

Қасым-Жомарт Тоқаевтың күйеу баласы елші қызметінен босатылды

Президент сайлауынан кейін кезекті тағайындауда Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елшіні ауыстырды. Қызметінен босатылған дипломаттардың арасында оның күйеу баласы Теміртай Ізбастиннің аты аталды, деп хабарлайды arbat.media.

Теміртай Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін 2019 жылдан бері атқарған. Оның жұбайы Қарлыға Ізбастина - Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған қарындасы.  

Темір Ізбастиннің орнына Виктор Темірбаев Болгарияға елші болып тағайындалды. Елші қызметіне тағайындалған дипломаттар арасында ҚР президент әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин де бар. Ол енді еліміздің грузиядағы елшісі міндетін атқарады. Ал оның алдында елші болған Бауыржан Мұхамеджанов қызметімен қош айтысты.

Сонымен бірге, Қазақстанның Литвадағы елшісі қызметіне Тимур Оразаев тағайындалса, бұған дейін Түркиядағы елші болған Еркебұлан Сәпиев Албанияға ауыстырылды.

Қызметінен алынған Теміртай Ізбастиннің саяси қызметі осымен тәмамдалған болуы мүмкін. Себебі, 5 маусымда өткен референдумнан кейін президенттің жақын туыстары биліктегі басшылық қызметтерді атқаруына шектеу қойылған еді.

Тоқаев Теміртай Ізбастин Тағайындау Қызмет

Популярное:

Новости по теме