Placeholder
Новости Казахстана19 декабря 2022, 18:23

Қаракөлде жүзден астам аққудың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында Каракөл аумағында жүзден астам аққу қырылды. Көлдің жағалау аумағынан табылған құстардың өлімінің себебі белгісіз, деп хабарлайды arbat.media.

Бұл туралы блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің арнасында бейнежазба жариялады. Қорыққа жақын жерде суда жүзіп жүрген аққулардың өте көп екені бірден байқалады. Алайда олардың арасында өлген құстардің өлексесі жиі кездеседі. Бейнежазба авторының айтуынша, өлекселердің арасында аққудан басқа құс кездеспеген.

"Аққу құсы өмірінде бір рет қана жұп құрады. Ал сынары өлсе ол жалғыздықтан құса болып өледі. Осы қисынға салсақ бұл қыста Маңғыстау облысында жүздеген аққудың жүрегі жаралы болды. Қаракөл жағалауында жүздеген аққудың өлексесі табылды. Бұл алаңдатарлық мәселе", - деп жазды блогер.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инпекциясының басшысы Ғаббас Досатов қазір аталған жағдайға қатысты тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. 

"Аққулардың қырылу себебі әзірге белгісіз. Біздің басқармасының мамандары, экологтар мен инспекторлар Қаракөл аумағына аттанды. Қазір сонда тексеру жұмыстары басталды. Қорытындысы шыққаннан кейін қосымша хабарлаймыз", - деді Ғаббас Досатов. 

Жыл басынан бері Каспий теңізінде бірнеше рет итбалықтың қырылғаны туралы оқиға болды. Соңғы рет күзде Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағында жүзден астам итбалықтың өлекселері табылған еді. 

Маңғыстау облысы Каспий теңізі Аққу өлім

Новости по теме