Placeholder
Новости Казахстана6 марта 2023, 17:42

Қарағандыда ұсталған педофил өзінің әрекетіне түсініктеме берді

Қарағандыда көпқабатты үйдің лифтісінде кәмелет жасына толмаған қызға арам ойын іске асырмақ болған педофил ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Өзінен ересек адаммен бірге лифтімен көтерілген қыз бала 14 жаста. Алайда ер адам барлық қабатқа баратын пернені басып, кейін лифті есігі ашылғанда қыздың сыртқа шығуына жол бермеген. Ол қыз баланың өзімен бірге пәтерге баруын сұраған. 

Кейін ер адам өзінің әрекетін доғарып, лифтіден шыққан. Ол өзіне ұсыныс жасаған адамда бақылау камерасына түсіп тұрғанын айтып, ескерткен. Кейін үйге ата-анасы жұмыстан келгенде жағдайды айтып берген. 

Кейін шектен шыққан әрекетке барған ер адам анықталып, оның Түркістан облысының тумасы екені анықталды. 

 Қарағандыдағы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сот ер адамды 3 тәулікке әкімшілік қамауға алған. Ал ер адам өзінің неліктен мұндай әрекетке барғанын басқаша түсіндіріген. 

Түркістан облысының Жетісай қаласында туғанмын. Қарағандыға жұмыс істеу мақсатымен келдім. Екінші наурызда Бұқар Жырау даңғылындағы сауда үйінің қасында көпқабатты үйдің кіреберісінде кәмелет жасына толмаған қызды үйге шақырдым. Бұл түскі уақыт болатын. Жаман ойым болғанын жасырмаймын. Өзімнің әйелім бар, - деді шектен шыққан әрекетке барған түркістандық азамат. 

педофил Кәмелет Зорлық Қарағанды

Новости по теме