Placeholder
Новости Казахстана29 мая 2023, 22:31

Қапшағайда су ортасында қалған қайықтағы 5 адам құтқарылды

Қапшағай су қоймасында 5 адамды құтқарушылар құтқарып қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Жексенбі күні күндіз 15.45-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында, «Золотые пески» демалыс базасы ауданында шомылуға тыйым салынған орында бес адам отырған үрлемелі құрылғыға  байланған гидроциклдың сынғаны туралы хабар келіп түскен. Құтқару кезінде  37 жастағы ер адам мен 39 жастағы әйел, 17, 16, 10 жастағы кәмелет жасына толмаған үш баланың  болғанын анықтаған.

Оқиға орнында ТЖД қызметкерлері келгенде қайыққа мінген адамдар ақау салдарынан жағадан 1500 метр қашықтықта қалғаны белгілі болды.

Жедел әрекет ету кезінде қайықтағы бесеуі де құтқарылып, жағаға жеткізілген.  Ата-аналарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабына сәйкес айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылданды.

 

Қапшағай Құтқарушылар Алматы облысы

Новости по теме