Placeholder
Новости Казахстана7 декабря 2022, 19:30

Қаңтар оқиғасында полиция соққыға жыққан қырғыз музыканты ізгі ниет елшісі атанды

Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан полициясы соққыға жыққан қырғызстандық Викрам Рузахунов азаптаудың алдын алу жөніндегі ұлттық орталықтың ізгі ниет елшісі болып бекітілді, деп хабарлайды arbat.media. 24.kg-ге сілтеме жасап. 

Музыкант Викрам Рузахуновқа бұл міндет "азаптау мен қатыгездіктен бостандық құқығын сақтаудағы Қырғызстанның жетістіктері мен болашағы" халықаралық форумында жүктелген. 

Ұлттық орталықтың басшысы Бақыт Рысбековтің айтуынша, Викрам Рузахунов ең лайықты үміткер болып отыр. Енді музыкант азаптауды бастан өткерген адам ретінде Қырғызстанда ізгі ниет елшісі ретінде күрес жүргізеді. 

Айта кететін бір жайт, Викрам Рузахунов қырғыз еліндегі шет мемлекеттің аумағында азаптау бойынша жәбірленген алғашқы адам. Ол қаңтар оқиғасынан бұрын Алматыға келіп, бірқатар мейрамханаларда өнер көрсеткен.

Кейін елімізде жаппай наразылық өтіп, Алматыда қақтығыстар басталғанда музыкант автокөлік арқылы өз еліне қайтпақ болған. Алайда оны күштік құрылым өкілдері қазақ-қырғыз шекарасында ұстап, азаптаған. Қатты соққыға жығылған музыкант күштеу нәтижесінде наразылыққа "ақылы түрде қатысқанын" эфир арқылы айтқан еді. Кейін Қырғызстан тарапы оның музыкант екенін дәлелдеген соң қамаудан босатылды. 

Викрам Рузахунов Қаңтар оқиғасы Азаптау Қырғызстан

Новости по теме