Placeholder
Новости Казахстана19 января 2023, 20:38

Путинді қолдаған Мәжіліс депутат мандатынан айырылатын болды

Ресейдің Украинаға басып кіруін колдап, оны арнайы операция деп атаған депутат мандатынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты, "Ақ жол" партиясының мүшесі Қазыбек Иса мәлімдеді. Ол әріптесінің жария пікірінен кейін партияда мәселесі қаралғанан атады. 

«Ақ жол» демократиялық партиясы Ұлттық Кеңесі Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың мәселесін қарады. Бүгін партияның Ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Партия төрағасы Азат Перуашевтың басшылығымен өткен жиында Мәжіліс депутаты А.Әбілдаевтың журналистке берген сұхбатында Украинадағы соғыс туралы айтқан сөздері сараланып, тиісті саяси баға берілді. Ұлттық кеңес мүшелері А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы екеніне, партиялық және депутаттық этиканы да бұзғанына баса назар аударды. Атап өту керек, кеше партия президиумы хабарлағандай, “Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды, - деді Қазыбек Иса.
Депутат Ұлттық кеңес қорытындысы бойынша Әбілдаевты "Ақ жол" демократиялық партиясынан шығару туралы шешім қабылдағаны туралы айта келе, оның депутаттық мандатын тоқтату туралы Орталық сайлау комиссиясына хат жолданғанын жеткізді. 
Бұған дейін Мәжіліс депутат Азамат Әбілдаев журналистерге берген сұхбатында Ресейдің Украинаға басып кіруін қолдайтынын, оның арнайы операция екенін атаған. Ол өз сөзінде Украинада "ұлтшылдар жиналған" деген пікірді алға тартқан. 

Азамат Әбілдаев Ресей Путин депутат

Новости по теме