Placeholder
Новости Казахстана30 марта 2023, 14:58

Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы қайта ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайтын болады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясының ұсынатыдығын айтқан болатын. 

Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайылов премьер-министр

Новости по теме