Placeholder
Кадр из видео
Новости Казахстана21 апреля 2023, 14:53

Петропавлды иеленбек болған сеператистер екі айға қамауға алынды

Наурыз айында Петропавлда "Халық кеңесін" құрып, тәуелсіздігін жарияланған азаматтар үш айға қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы  алдында 2023 жылғы 18 сәуірде  Қылмыстық Кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ( қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату)  қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық  жасағандықтары үшін  Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталды, деді СҚО прокуратурасы. 

   2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен  барлық үш фигурантқа  қатысты мерзімі 2 айға «қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды. Бұған дейін елдің тұтастығына қарсы ұйым құрып, жиын өткізгендердің он жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтылған болатын

СҚО Сеператизм Заң Прокуратура

Новости по теме