Placeholder
Фото: el.kz
Новости Казахстана27 марта 2023, 16:55

Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялады

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне сайлаудың соңғы қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан халқының дауыс беру нәтижесі ОСК деректері бойынша төмендегідей:

- "Amanat" партиясына 3 431 510 адам, яғни сайлаушылардың 53,9 пайызы дауыс берді;

- "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 693 938, 10,9%;

- Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 535 139, 8,41%;

- Қазақстан Халық партиясы - 432 920, 6,8%;

- "Respublica" партиясы - 547 154, 8,59%;

- Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 331 058, 5,2%;

- Қазақстандық «Baytaq» Жасылдар партиясы - 146 431, 2,3%.

Дауыс беру кезінде "Барлығына қарсы" бағанасын 248 291 қазақстандық таңдаған. Олардың көлемі сайлаушылардың 3,9 пайызын құрады. 

Естеріңізге сала кетейік, 26 наурызда Алматыда полиция "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының белсендісі Влад Ермольчевті сайлауға қарсы пикет үшін ұстады.

Сайлаудан кейін Мәжіліс депутаттығына кейбір кандидаттар өткен сайлау процесін және дауыстарды санауды заңсыз деп таныды. Олардың айтуынша, хаттамалар ең "лас" тәсілдермен қолдан жасалған, ал сайлауды ұйымдастыруға деген көзқарастың өзі жаңа Қазақстан тұжырымдамасының беделін түсіреді.

 

 

сайлау Парламент Дауыс беру Мәжіліс

Новости по теме