Placeholder
Новости Казахстана23 мая 2023, 20:19

Оралда қаржы пирамидасына ақша жинаған күдікті тұрғындарды 120 млн шығынға ұшыратты

Батыс Қазақстан облысында 24-54 пайызға дейінгі мөлшерде төлемдер беру уәдесімен қаражат тарту мақсатында «Life is good» және «Hermes» жобалары бойынша қаржылық пирамидаларды ұйымдастырған күдікті тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған қылмыстық істі ҚМА аумақтық Депаратменті жүргізіп жатыр. Терген барысында тұрғындардан тартылған қаражат көлемі 120 млн теңгені құрады. Қазіргі уақытта қаржылық пирамиданы ұйымдастырды деген күдікпен ілінген азаматша ұсталып, соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынған.  

Бұған дейін еліміздің қаржылық мониторингі агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деген күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялаған болатын. Бұл ретте Антикор азаматтарға жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауды ұсынып отыр. 

 

Қаржы пирамидасы Ақша алу орал

Новости по теме