Placeholder
Новости Казахстана17 мая 2023, 20:30

Оралда әйел адамды тонаған күдікті бақылау камерасына түсіп қалды

Оралда әйел адамды тонап кеткен күдіктінің әрекеті бейнебақылау камеранасына түсіп қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Таңғы уақытта Омега жол көпірінің астынан өтіп бара жатқан 30 жастағы әйелге күтпеген жерден ер адам шабуыл жасаған. Әйел қашып кетуге тырысқанымен, қарақшы оны мықтап ұстап, жерге құлатып, алтын сырғаларын, сақиналарын шешіп, телефонын тартып алғаны белгілі болды. 

Қарақшылық оқиғадан келген гығын көлемі - 550 мың теңгені құрап отыр.  Әйел адам полицияға жүгініп, жедел-іздестіру шаралары бірден жарияланды. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсынылған 15 азаматтың ішінен жәбірленуші 1971 жылы туған бір ер адамды көрсетті.

Күдікті бірден қамауға алынып, оның бұрын қылмыстыққа жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Адам тонау орал полиция

Новости по теме