Placeholder
Новости Казахстана26 мая 2023, 16:20

Оралда адам өлтіріп қашып кеткен күдікті Германиядан экстрадицияланды

Адам өлтірді деп айыпталған қазақстандық күдікті Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Arbat.media.

Германия Үкіметі  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды. Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алып, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтірген Сондай-ақ, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған еді.

Аталған қылмыстық оқиға орын алғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып келге. Сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған болатын. 

Бүгін Бас прокуратура мен, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені айтылды.

 

орал Күдікті Қоғам

Новости по теме