Placeholder
Новости Казахстана5 декабря 2022, 21:44

Моңғолиядағы митинг: Ұлан-Баторда халық наразылыққа шықты

Моңғолияда ашынған халық наразылыққа шықты. Ұлан-Батырда көшеге шыққан адамдар Үкімет үйін басып алды, деп хабарлайды arbat.media.

Алдын ала болжам бойынша халықтың наразылыққа шығуына елдегі қымбатшылық себеп болған. Елде азық-түлікпен қатар, көмір бағасы да көтерілген.  

Наразылыққа шыққан халық қазір бағасын қымбаттауына себеп болған елдегі байлардың атын атауды талап етіп отыр. Сонымен бірге, 2013 жылдан бері Қытайға ұрлықпен сатылған көмірдің құпиясы халық арасында жария болуы наразылыққа себеп болып отыр. 

Ұлан-Батордағы жағдай туралы бейнежазда орталық алаңда мыңдаған адамның жүргені байқалады. Олардың арасынан жүздеген адамның үкімет үйіне басып кіргені анық көрінді. 

Әзірге Моңғолия билігі Ұлан-Батордағы аталған жағдайға қатысты пікір білдірмеді. Ал наразылыққа шыққандардың әрекеті қашанға дейін жалғасатыны белгісіз. 

Моңғолия Наразылық Ұлан-Батор Қымбатшылық

Новости по теме