Placeholder
Новости Казахстана7 апреля 2023, 12:23

Мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың екі ұлы шартты түрде бес жылға сотталды

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың екі ұлына қатысты Тараз қалалық соты үкім шығарып, бес жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Таразда №2 қалалық сот алаяқтық бойынша 4 адамға қатысты қылмыстық іс қарады. Жауапкершілікке тартылған 4 адамға субсидияны жымқыру арқылы мемлекетке 550 миллион теңге шығын келтіргені анықталды. Тиісті тұлғалар "Альбион" құлпынай көшеттерін шаруа қожалықтарына рәсімдеп, мемлекеттік субсидиялар алған. Сонымен бірге, қаржының бір бөлігі алаяқтық жолмен қолды болып, мақсатсыз жұмсалған көрінеді.

Аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен айыпталған 4 адамға мемлекеттік айыптаушы екі түрлі жауапкершілікке тартуды сұраған. 

Бұл ретте прокурор қылмыстары бойынша Дайрабаев пен Молдақалықты 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрде тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары болған Ерлан Күлекеевті 6 жылға бас бостандығынан айыру, Елжан Елібайдың мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды  ұсынды. 

Сот барысында кінәлі тарап өз айыптарын еш мойындамаған. Сот үкімі бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған Ерлан Күлекеевті 6 жылға бас бостандығынан айырды. Елжан Елібайдың жеке мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылы, 5 жылға сотталды.

Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтың мүлкі тәркіленіп, кез келген меншік нысанындағы ұйымдарда басшылық лауазымды атқару құқығынан айырылды. Екеуінің де 5 жылға шартты түрде бас бостандығы шектелді. Оларға пробациялық бақылау қойылады”, - деп жазылған сот таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта үкім заңды түрде күшіне енген жоқ. 

Жигули Дайрабаев сот Үкім Тараз

Новости по теме