Placeholder
Новости Казахстана26 февраля 2023, 3:41

Маңғыстауда ақбөкендерді заңсыз атып келген қылмыстық топ құрықталды

Маңғыстауда миллиард теңгенің залал келтіріп, ақбөкендерді заңсыз атып келген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыс түрлеріне қарсы күрес іс-шараларын жүргізу аясында қылмыстық «кәсіптің» жолын кесуді жалғастырып жатыр. Осы орайла қаңтар айында ҰҚК прокуратура органдарымен бірге арнайы операция барысында киіктің мүйіздерін заңсыз өндіру және сату арнасын ұйымдастыруға қатысты адамдар тобын қылмыстары үстінде қолға түсірген.

Құнды тауардың ірі партиясын саудалау әрекеті кезінде Маңғыстау өңірінің қылмыстық әлеміне қатысы бар бұрын сотты болған екі адам ұсталды. Олар мемлекетке 1 миллиард теңгеден аса залал келтірілгенін және Қазақстандағы ақбөкендердің таралуына едәуір кері әсерін тигізгендерін дәлелдейтін айғақтар жинақталды, деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі. 

Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында ҚР ҚК 339-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңға қайшы әрекеттің өзге де қатысушыларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатқаны мәлім болды. 

ҰҚК Киік Маңғыстау Заң

Новости по теме