Placeholder
Олжас Қаныбек
Новости Казахстана17 апреля 2023, 22:43

Майамиде қарулы шабуылдан өзін қорғаған қазақстандық жігіттің кім екенін анықталды

АҚШ-тың Майами штатында өзін тонамақ болған үш қара нәсілді адамға тойтарыс берген қазақстандық жігіттің кім екенін белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Шабуыл кезінде үш америкалық азамат күтпеген жерден соққыға ұшырап, бірден қашып кеткен. Олардан өзін қорғаған азаматтың есімі   екені белгілі болды. 24 жасар отандасымыз Түркістан облысы, Кентау қаласының тумасы көрінеді. 
 
"Бұрын мұнай-газ саласында жұмыс істедім. Кейінгі уақытта авиацияда оқып жүрмін. Қазаэронавигация компаниясы ұшуды практикалық түрде үйрену үшін АҚШ-қа оқуға жіберді. Қазір Майами қаласындамын", - дейді отандасымыз. 
 
Ол Майамиге арнайы екі айлық біліктілігін арттыру курсына барған. Оқиғаға қатысушы отандасымыз Олжастың айтуы бойынша оқыс жағдай күтпеген жерден болған. Америкадағы жарнама бөліміне барып телефонында арнайы қосымша бағдарламаны жаңартпақ болған.  Алайда оны тапаншамен үш қара нәсілді жігіт күтіп алған. Қапыда Олжастың сөмкесін тартып алып, қаша жөнелгенде отандасымыз олардың соңынан жүгіріп, біреуінің тапаншасын алып қойып, ұстап алған. 
 
Оқиғаға қатысушы Олжас бауырымыз бірнеше соққы алған. Ол бір тонаушыны полицейлер келгенше ұстап тұрып, күштік құрылым қызметкерлерін таң қалдырып отыр. 
 
Олжас Қаныбек АҚШ Шабуыл Кентау

Новости по теме