Placeholder
Новости Казахстана14 апреля 2023, 20:56

Каспий құбыр консорциумының жұмысы қайта іске қосылды

Каспий құбыр консорциумының жұмысы Теңіз – Новосібір мұнай құбырында үш күндік жоспарлы іркілістен кейін қайта жанданды, деп хабарлайды Arbat.media.

Каспий құбыр консорциумының хабарлауынша, жөндеу жұмыстарын құбырларда мұнай айдауды тоқтатқанда ғана мүмкін болған. 

Көрсетілген кезеңде мұнай құбырының әртүрлі жүйелеріне, мұнай айдау станцияларына және теңіз терминалына регламенттік техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ консорциумның ағымдағы және күрделі жобалары бойынша жұмыстар жүргізілді. Ол жұмыстарды сорғы станциялар мен мұнай құбырларын тоқтатқанда ғана орындауға болады, - деп жазылған ресми ақпаратта. 

Құбырдың Қазақстандағы бөлігінде мұнай айдау тоқтатылған кезеңде "Теңіз" мұнай айдау стансасында өрт пен газ анықтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізілгені белгілі болған. 

Құбырдың жұмысындағы жоспарлы іркілістер жылына бірнеше рет жүргізіледі. Каспий құбыр консорциумы мұнай құбырының жұмысын тоқтату туралы мәліметтерді сарапшылар мен қоғамға алдын ала хабарламайды. Бұл қауіпсіздік мақсатымен және құбырды сырттан кесу тәуекелімен байланысты, - делінген консорциумның баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазіргі уақытта теңіз терминалында мұнай жөнелту жұмыстары тоқтаусыз жалғасып жатыр.

Ақпан айында аталған құбыр жүйесі бірнеше күнге тоқтатылған болатын. Сәуір айындағы КТК желісінің жұмысын тоқтатылуына қатысты еліміздің Энергетика министрлігі түсініктеме берген еді. 

КТК Мұнай Энергетика министрлігі Мәселе

Новости по теме