Placeholder
Новости Казахстана17 мая 2023, 19:10

Францияның экс-президенті бір жылға сотталды

Францияны 2007-2012 жылдар аралығында басқарған Николя Саркози айыпты деп танылып, бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Париждің апелляциялық соты елдің экс-президенті Николя Саркозиді «тың тыңдау ісі» бойынша айыптап отыр. Ол сот үкімімен бір жылға бас бостандығынан айырылды. 

Белгілі болғандай осыдан 9 жыл бұрын Николя Саркози кассациялық соттың қызметкеріне өзінің адвокаты арқылы Монакода қызметке орналасуға көмектесуге уәде берген. Оның өтеуі ретінде ол Саркозидің сайлау науқанын заңсыз қаржыландыру туралы істі тергеу барысында ақпарат алғысы келгені анықталған. 

Сот барысында тергеушілердің телефон қоңырауларының жазбаларына дәлел ретінде пайдаланып, сол бойынша оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 

Николя Саркози сот Үкім

Новости по теме