Placeholder
Новости Казахстана20 марта 2023, 15:11

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасысымыз АҚШ-тағы турнирдің финалында Беларусь спортшысы, әлемнің 2-ракеткасы Арина Соболенкомен шеберлік байқасты. 

Тартысты матчта  Е.Рыбакина есе жібермей, жеңіске қол жеткізді.  Екі сетте де басым түскен отандасымыз  2:0 (7:6,  6:4) алға шығып, Аустралия ашық чемпионатының финалында кеткен есесін қайтара алды. 

Айтулы турнирдегі жеңісі үшін Рыбакина 1000  ұпай еншілеп, әлемдік рейтингіде жетінші орынға көтеріледі. Сонымен бірге, $ 1,2 млн көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.  Соболенко болса өз кезегінде 650 рейтингтік ұпайға қол жеткізіп, $ 662 мың доллар алды. 

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің бірінші ракеткасынан басым түскенін болатын

Елена Рыбакина Теннис спорт АҚШ

Новости по теме